Астанада 127 мың қария бар. 107 мыңы биыл мереке қарсаңында арнайы төлем алады. Бір реттік төлем мөлшері 2,5 АЕК немесе 9 230 теңге.
Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.
Одан бөлек тегін ұсынылатын қызметтер бар. Қариялар жылына бір рет санаториялық – курорттық емге жіберіледі. Екі жылда бір рет тісіне тегін протез салдыра алады. Бұған дейін 82 зейнеткерге көмір алу үшін 59 мың теңгеден берілген. 71 зейнеткерге газ қазандығын орнату үшін 479 мың теңгеге дейін қаражат берілген.
Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар. Қариялардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұрады. Мәселен, Түркістан облысында 100 жастан асқан 64 адам бар. Ал, Алматы қаласында ғасыр жасаған қариялар саны 48 адам. Алматы облысында жүзден асқан 38 қария тұрып жатыр.