Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек – Тоқаев

2024-10-03 12:27:41

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн. Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады», — дейді президент.

Тоқаев атағандай, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды.

«Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын. Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашады, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіп те төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін, 3 қазан күні Астанада «AMANAT» партиясының бастамасымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өтіп жатыр.

 

Последние новости

03.10.2024
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды – Тоқаев
03.10.2024
Тоқаев бірнеше күннен кейін өтетін референдум туралы маңызды мәлімдеме жасады
03.10.2024
Саяси партиялар дауыс үшін күрессе де, су тасқыны кезінде ынтымақтың үлгісін көрсетті – Президент
03.10.2024
Ресей астық экспортын тоқтатпақ: Қазақстан дәлел келтіруді сұрады
03.10.2024
Тоқаев биліктегі әйелдер жайлы айтты
03.10.2024
Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар – Тоқаев
03.10.2024
«Ойнай ма, ойнамай ма?»: Қорғаныс министрлігі әскерилердің банк шоттарын тексеріп тұрады
03.10.2024
«Әйелдердің дәуірі келді»: Мексиканың тұңғыш әйел президенті ресми түрде жұмысқа кірісті