«Азық-түлік сасып кеткен»: Арқалық билігі гуманитарлық көмекті 6 ай бойы вагонда тығып отырған

2024-10-04 10:28:14

Арқалықтың белсенділері Қостанай қаласының Антикорына арызданған, жергілікті мәслихат депутаты Серік Төлекбаев әлеуметтік желіге осы мәселені көтеріп жазба қалдырған, ал тағы бір белсенді ақсақал Әлмұрат Нұрғалиев әкімнің халықпен кездесуінде 5 вагонның есебін сұраған. Осыдан кейін барып жауапты тұлғалар қозғала бастаған. Онда да тек 2 вагон азық-түліктің айналасындағы мәселеге жауап берген болады, бірақ 3 вагон құрылыс материалының қайда екенін жан баласы білмейтін болып шықты. Белсенділердің сөзінше, Арқалықтың әкімімен сөйлесу мүмкін емес. Олар мұндай жауапсыздықтан кейін әкім отставкаға өз еркімен кетуі керек деп санайды.

Торғайлық белсенді Әлмұрат Нұрғалиев төтенше жағдайлар кезінде жер-жерден келген гуманитарлық көмекті қабылдап, халыққа жеткізу штабында жұмыс істеген. Сол уақытта шетелден келген 5 вагон зат ұшты-күйлі жоғалды дейді ол.

«Тәжікстан, Өзбекстаннан келген көмектің халыққа жетпегенін көзімізбен көрдік. Ешкімге таратып бермегенін байқадық. Депутат Серік інім әлеуметтік желіде жазба жазып, соны сұрады, өзім әкімнің есеп беру жиналысында тағы да мәселе қозғадым.  Мәселеге Антикор араласқаннан болу керек, маған ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Руслан Құрметов деген азамат келіп, қасына әлеуметтік қорғау орталығының басшысы Раушан Омарованы ертіп алып, «осында тұрған заттарды сізге көрсетем, ол заттар ешқайда кеткен жоқ» деп бізді «Виктория» деп аталатын үлкен қоймаға алып келді. Қоғам белсенділерімен бірге барып, көрдік. Менің ойымша, онда жарты вагонның көлеміндей зат бар. 5 вагонның 3 вагоны құрылыс материалы екен. Біз оның түбіне әлі жеткен жоқпыз. Арқалыққа келген құрылыс материалдары кімнің қолында, белгісіз. Қалған заттарды таратып беру жөнінде сол жерде шешім қабылданды», — дейді ол.

Ақсақалдың айтуынша, белсенділер мәселені көтеріп, қойманы тауып, видео түсіріп, халыққа көрсеткеннен кейін бірен-саран адамдар келіп, оларға азық-түлік таратыла бастаған.

«Ал, су тасқыны кезіндегі ақшаның есібін әлі ешкім берген жоқ», — деді Әлмұрат Нұрғалиев.

Азаматтардың айтуынша, 5 вагон гуманитарлық көмектің айналасындағы шудан кейін әкімдік оларды жалған ақпарат таратты деп кінәлаған.

 

«Алты ай бойы тығып қойған тамақ жарамсыз болып қалды. Азық-түлік сақтауға болмайтын қоймада сақталған. Мал қамайтын, жем түсіретін қойма ол. Бұл халыққа еш құрметтің жоғын көрсететеді. Тамақтардың иісі шығып кеткен, ертең департаментке апарып береміз деген ақпараттар келіп жатыр. Бірен-саран алғандары бар, алмағаны да бар. Әлеуметтік қорғау саласының басшысы Раушан Омарованың сөзіне қарасаңыз 451 адам көмек алды дейді, ал әкімшілік 314 адам алды дейді, қайсысы өтірік айтып отыр?

Гуманитарлық көмек 29 сәуірде келді. 5 ай бойы күніне 10 адамға таратса, бұл уақытта азықты тауысатын еді. Біз қанша тамақ келгенін, қанша адамға бергенін сұрап отырған жоқпыз. Келген көмек неге қалып қойған деген сұрақ қойып отырмыз.

Халыққа жаны ашитын әкім болса, халықтан кешірім сұрайтын еді. Жауапкершілігі жоғары адам болса «мені орнымнан алыңыз» деп жоғары биліктен отставка сұрайтын еді. Келген көмекті үйлестіріп бере алмау ол – қылмыс. Қолынан іс келмейді деген сөз. Алты ай бойы неге тығып отыр? Кеше қала әкімінің орынбасары бір вагон судың ЖЭО-ның жанында тұрғанын көрсетті. ЖЭО деген стратегиялық нысан, өзенге қойма қоюға болмайды. Қазір бұлар осы ақпаратты таратқанымыз үшін бізбен арпалыспақшы. Байдың асын байғұс қызғанады дейді ғой, халыққа деп келген азғантай тамақты бермей, қайырымдылыққа қиянат жасау — еш ақтауға келмейтін дүние», — деді қалалық мәслихат депутаты Серік Төлекбаев.

Су тасқыны кезінде келген гуманитарлық көмекті үлестірумен айналысқан ерікті Қанат Әлімбаев 5 вагон көмектің келгенін волонтерларға ешкімнің тіс жарып айтпағанын еске салды.

«Азық-түліктің мерзімі өтіп кетті, алты ай бойы қандай мақсатта ұстап отырдыңыздар» деген сұраққа белсенділерге азық-түлік қоймасының есігін ашып көрсеткен ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Руслан Құрметов «үлестіріп жатырмыз, беріп жатырмыз» дегенінен танбай отыр. Белсенділердің дерегінше, Арқалыққа су тасқынынан 5 млрд 300 млн теңге зиян келген.

Редакция осы мәселе бойынша Қостанай облысы мен Арқалық қаласының әкімдігінен жауап күтіп отыр. 

 

Последние новости

04.10.2024
Каждый третий ребёнок в Казахстане самостоятельно совершает онлайн-покупки
04.10.2024
Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
04.10.2024
«Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады
04.10.2024
Премьера тизерного трейлера сериала-скандала «Дайте шоу» с Милошем Биковичем и Анастасией Красовской
04.10.2024
«Одан қайтып оралмады»: Жанар Айжанова жолдасының өлер алдындағы суретін жариялады
04.10.2024
Тоқаев Ақордада тағы бір саяси жиын өткізді
04.10.2024
КАК СТАТЬ ПОСТАВЩИКОМ ДЛЯ НЕФТЕГАЗА: ТШО ПРОВЕЛ СЕМИНАР ДЛЯ КАЗАХСТАНСКИХ КОМПАНИЙ 
04.10.2024
«Картамда 103 млн теңге жатыр»: тойға келген есепші қомақты ақшасын көрсетіп, бас жүлде алды (ВИДЕО)