«2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады. Залал көлемі 34 млн теңге», — деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Сот қылмыстық істі қарай келе үш бухгалтерді де бес жарым жылға соттаған.