Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің айыбын дәлелдеп 3 жылға соттатты

2024-10-07 14:27:19

АЖЫРАСАТЫНЫҢДЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕСІҢ

– Менің де өмірде қиын кезеңдерім болды. 2012 жыл еді. Ол кезде мен күйеуіммен – баламның әкесімен өзара келісімде екі жаққа кеттік. Ол жерде де ренжітер сөздер айтылды, әртүрлі жағдай болды. Мен сол бір ажырасуды бастан өткердім. Сол себепті өркениетті түрде қалай ажырасуға болатынын білемін. Білімді, ақылды адаммен ажырасу процесі қалыпты жағдайда өтеді. Ал адамға түсіндіру мүмкін емес жағдайлар болады. Адам ажырасатыныңды қалай түсіндіресің? – дейді сұхбатында Дана Нұржігіт.

Динара Сәтжан журналиспен сұхбаттың үзіндісін келтірген. Онда Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін, психотерапевттерге баруға мәжбүр болғанын айтқан.

Дана Нұржігіт сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдеп, оны осы жазда қылмыстық кодексінің 147 бабы бойынша 3 жылға соттатқан. Іс жеке өмірге қол сұғу бабымен қозғалған.

ЖУРНАЛИСТ ЖАЙЛЫ

Дана Нұржігіт — 1972 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лахалы елді мекенінде туған. Бастауыш сыныпты Қызылордадағы №198 мектепте оқыған. Ол мектепте қазақстандық танымал азаматтар Мұрат Əбенов, Илья Ильин де білім алғаны айтылады. Дананың отбасы, кейін Алматы іргесіндегі Есік қаласына көшеді. Ол жақта бірінші сыныпты бітірген, ата-анасы Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуға түсірген.

Дана музыка мектебінде оқығанын мақтан тұтып: «Сол мектептен өнерді ғана емес, адамды тануды да үйрендім»-деп айтып жүр. Ол бала кезінен əдебиетке жақын өскен. Музыка мамандығын бітіріп, сол саланы ұстаздық еткен Дана Нұржігітова телевидениеден бір-ақ шықты. Дана 1997 жылдан бастап, телеарнаға келді. Қазірде, бірнеше интелектуалдық бағдарламалардың авторы, қазақ телевидениесіне өз ізін қалдырған танымал журналист. Сенат депутаты болған.

 

Последние новости

07.10.2024
Петропавлда жеке үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті
07.10.2024
«Бункерге түскен»: Қостанай облысында төрт бірдей жұмысшы қаза тапты
07.10.2024
Баянауылдағы өрт 6 мың гектарға жетті – Асайын Байханов тілсіз жаудың алдын ала себебін болжады
07.10.2024
«Бізбен бірге тұрып көріңіз»: Жазира Байырбекова отбасылық өмірінен сыр шертті
07.10.2024
Бір сұраққа жауап бар, кезек екіншісінде: Қазақстанда АЭС-ті кім салады
07.10.2024
Атырауда 25 жастағы жігіт әке-шешесін өз қолымен өлтірген
07.10.2024
Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралыдағы өрттен қаза тапқан құтқарушының үйіне барды
07.10.2024
«Жауапты сәтте сенім артты»: Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованы жаңа кәсібімен құттықтады