Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді

2024-10-09 08:27:48

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.