Қазақ халқының намысы заңмен қорғалмаған – Құспан сотсыз жазалауға халық еріксіз баратынын айтты

2024-10-14 10:27:50

“Адамдар құқық қорғау органдарының қауқарсыздығынан осындай әңгімелерді (сотсыз жазалау) көп айта бастады деп ойламайсыз ба?” деп сұраған депутаттан журналистер. Абзал Құспан “әрине” деп жауап берді.

– Кеше ғана мәселен, Мұқағалидің жағдайында (блогердің ақын Мұқағали Мақатаевты «сорлы еркек» деп атауы) мен мысалы, моральдық тұрғыда қарасаздықтардың (ақынның ауылдастары) әрекетін қолдаған адаммын. Барша жан-тәніммен заңгер ретінде заңсыз екенін білем. Бірақ мен қарасаздықтардың әрекетін дұрыс деп таптым. Неге? Себебі қолданыстағы заңмен ұлы тұлғаларымыз немесе қазақ халқының ар-намысы қорғалмаған. Мысалы, Түркияда түрік халқының ар-намысына, абыройына нұсқан келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол да болса жауапкершілік. Түрік халқының бір ұлы тұлғаларының намысына тиетін болсаңыз, жауапқа тартыласыз. Бізде ондай жауапкершілік те жоқ. Сол себепті ол жерде халықта басқа шара қалған жоқ, – дейді ол.

Кейінгі кезде елде болып жатқан қылмыстар қоғамдық резонанс туғызып, елдегі әділет институттарының, құқық қорғау органдарына көбірек сын айтыла бастағаны белгілі. Талғардағы жасөспірімнің өлімі де осы әңгімені ушықтырған.

 

Последние новости

14.10.2024
Елімізде ауа райына байланысты қандай тасжолдар жабылды
14.10.2024
Әйел адам екі жасар баласын сірке суымен өлтірмек болды
14.10.2024
ЦИТАТА ДНЯ
14.10.2024
Гороскоп на 14 октября
13.10.2024
ЦИТАТА ДНЯ
13.10.2024
Гороскоп на 13 октября
12.10.2024
ЦИТАТА ДНЯ
12.10.2024
Гороскоп на 12 октября