Бір күнде екі сарбаз көз жұмды. Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады

2024-10-14 16:27:35

ТАҒЫ ДА СУИСИД

Қарағанды облысының әскери бөлімдердің біріндегі қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде жазылды. Онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 06708 әскери бөлім сарбазының өзін-өзі атып тастағаны туралы айтылған.

Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.

Қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған қатардағы жауынгердің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ

14 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан басына оқ атты. Іс әскери қызметіне қатысы жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда, — деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Естеріңізде болса, бүгін ғана Шахтинскте бір сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары – генерал-майор Бақытбек Сыдықов қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салғанын хабарлаған. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтқан.

ӘСКЕРДЕГІ БУЛЛИНГ

Әскери саланы зерттеп жүрген журналист Амангелді Құрмет әскердегі, қала берді қоғамдағы буллинг қоғамның мәдени, құқықтық санасының көрінісі десе, әлеуметтік теория зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек бүгінгі қазақ қоғамындағы зорлық, әлімжеттік, адам тұлғасын қастерлемеу сынды теріс әрекеттердің себебі тоталитар жүйемен тығыз байланысты екенін айтады.

 

Последние новости

14.10.2024
Ер адам кешке келіп, пеш жаққан: министр Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек айтты
14.10.2024
Талғардағы трагедия. «Хутор» ауылы тұрғындары Хасанды қорғап үндеу жасады
14.10.2024
«4 жігіт қинап өлтіріп, 9-қабаттан лақтырған»: Астанадағы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді
14.10.2024
Texaco Lubricants представил технологию Texaco VARTECH для глубокого очищения промышленных компрессоров
14.10.2024
Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорларды терең тазалауға арналған Texaco VARTECH технологиясын ұсынды
14.10.2024
Оқушылардың суицид жасауы мектепке байланысты емес – Оқу-ағарту министрлігі
14.10.2024
БҚО-да қаңғыбас ит бес жасар қызды талап тастады
14.10.2024
Алматы әкімдігі 17 қазанда қала тұрғындарына алаңдамауға шақырды