Жиын-тойды азайтып, миллиартаған ақшаны үнемдедік – қаржы министрі

2024-10-15 12:27:51

«Бұл бюджетті үнемдеу болды. Алдағы уақытта да аталған бағыттар үшін бюджетке салмақ салмаймыз», — деді ол.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берген еді.