«Жолға шығуға мәжбүр болды»: Астанада автобус бойжеткенді қағып өлтіргені туралы хабар тарады (ВИДЕО)

2024-10-28 10:27:28

Лолита Канның туыстары бұл оқиғада тек жүргізуші ғана кінәлі деп есептемейді.

«Қайтыс болған бойжеткен менің әйелімнің туған сіңілісі. Қазір әйелім болған оқиғадан әлі есін жия алар емес. Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Алайда ол жерде басқа өтетін орын болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Себебі жол маңайында үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай жасамаған. Жаяу жүргіншілер өтетін тротуар да жоқ. Бұл оқиғаға қатысты жүруге жағдай жасамаған құрылыс компаниялары мен оны бақылайтын әкімдік жауапқа тартылуы керек деп санаймын. Барлық жерді қазып тастаған күнде де, белгілерді қойып, жаяу жүргіншілердің жолға шықпауын қамтамасыз етуі керек еді. Лолитаның өмірі енді басталып келе жатыр еді», — дейді марқұмның жездесі Аббас.

Оның айтуынша, оқиға болған жолдың қиылысында Sat Ns құрылыс компаниясына тиесілі Delta тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысты тапсыру 2025 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.

Azattyq Rýhy тілшісі оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаментіне сұрау жолдады.

 

Последние новости

28.10.2024
«Ешкімге ғашық емеспін»: Мақпал Жүнісова «күйеуге шықты» дегендерге жауап берді
28.10.2024
Қайтарылған активтер: 12 млрд теңгені мемлекет әлеуметтік жобаларға жұмсайды
28.10.2024
«Лаборатория Касперского»: 15% родителей в Казахстане сообщили, что их детям предлагали общение во время онлайн-игр
28.10.2024
Маңғыстаудағы жағалауда 150 ден астам итбалықтың өлексесі табылды
28.10.2024
Шерзат Полаттың өлімі: полиция 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған
28.10.2024
Қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ: еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
28.10.2024
«Касперский зертханасы»: Қазақстандағы ата-аналардың 15%-ы балаларына онлайн ойындар кезінде қарым-қатынас ұсынылғанын хабарлады
28.10.2024
ЦИТАТА ДНЯ