Оған жалақының аздығы мен жүктеменің көптігі себеп болыпты. Соның кесірінен өңірде кадр тапшылығы «бас ауруға» айналды. 400-ден астам орын бос тұр. Тіпті, ішінде жылға жақын босап қалған басшылық лауазымдар да бар. Мәселен, Павлодар, Успенка, Баянауыл, Ақтоғай аудандарының білім бөлімдеріне бастық болуға лайықты маман табылмаған. Негізінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс саласының мамандарына тапшылық байқалады.
«Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер саны штат бойынша 4083 бірлік құрайды. Нақты саны яғни, бұл 3659 адамды құрайды. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда бос орындар саны 424 бірлікті немесе 10,4 пайызды құрайды», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша Асхат Ескендіров.