HALYK OPEN CUP ҚАЗАҚСТАН 2024 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ 450 АУЫЛ БАЛАСЫ ЖИНАЛДЫ

2024-11-01 16:27:34

29-31 қазан күндері Алматы облысы Қарғалы ауылында #АуылФутбол әлеуметтік жобасы аясында футболдан HALYK OPEN CUP 2024 республикалық турнирі өтті. Турнирдің Бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры.

Турнирге қазақ елінің тұпкір-тұпкірінен 32 команда қатыстыбұлар облыстық HALYK OPEN CUP жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, биылғыжылы үздік спорттық көрсеткіштері бар бірқатар командалар.

Айта кетерлігі, республикалық турнирге облыстықтурнирлердің жеңімпаздары Бас демеуші – «Халық» қайырымдылық қорының қаражаты есебінен келген. Бұл Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының ауылдарынан келген 200-ге жуық бала. Демеушілік көмекке Алматыға тасымалдау, лагерьде тұру және команда мүшелерінің күніне 3 мезгіл тамақтануы кіреді. Сондай-ақ балаларға бассейнге шомылуұйымдастырылды.

Турнир чемпиондары болып Маңғыстаудың Мұнайлы ауданынан келген «Намыс-Қызыл төбе» командасы танылса, команда жаттықтырушысы Пердебек Қашқамбаев турнирдің «Үздік жаттықтырушысы» деп танылды, ал команданың фавориттерінің бірі Абзал Баймұхан «Үздік ойыншы» номинациясы жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдегерлер – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының «Алтын төбе» командасы. Республикалық турнирде 11 гол соққан команда ойыншысы Омар Біржан «Үздік шабуылшы» деп танылды.

Алматы облысы Қарасай ауданының «RedSapsans» командасы қола жүлдені жеңіп алды. Команданың қақпашысы Нұрәлі Ғаниұлы «Үздік қақпашы» атанды.

«Үздік қорғаушы» номинациясы бойыншаҚостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылының «Рахат» командасының ойыншысы Артем Риттер және сол ауылдан келген павлодарлық «Заря» командасының ойыншысы Богдан Краузе марапатталды. есімімен «Үздік жартылай қорғаушы» атанды.

Айта кету керек, республикалық турнирінде футболда адал ойын рухын таратуға ықпал ететін үлгіліойын үшін арнайы «FIR PLAY TROPHY» номинациясы белгіленген болатын. Турнир қорытындысы бойынша номинация Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының «SPARTANS» командасынаберілді.

HALYK OPEN CUP 2024 Республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды, атап айтқанда футбол доптары, ойын формаларымен және жаттығу киімдері, және балаларға арналған кітаптар мен жаттықтырушы құрал-жабдықтары.

Сонымен қатар, турнир аясында ауыл жаттықтырушыларына футбол менеджементі бойынша («Демеушілермен жұмыс» тақырыбы), SMM, спортшы балалардың психологиясы және инклюзивті балалармен жұмыс жасау, жарыстар кезінде балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Турнир аясында #АуылФутбол жобасы мүшесі — бейімделген футбол «Бүркіт» команданың тұсаукесері өтті. Команда Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істеу орталығының базасында мамыр айында жасақталған. Тұсаукесер инклюзивті командалар үшін жарыс мәдениеттің жоқтығына және адаптивті футболды бұқаралық балалар спортына енгізу қажеттілігіне назар аударуға бағытталған. Команда турнир қатысушылары мен қонақтары үшін демонстрациялық жаттығу сабағын өткізді.

#АуылФутбол жоба жетекшісі Мәмбетов Серіктің айтуынша, HALYK OPEN CUP-2024 республикалық футбол турнирі жобасының 5 жылдық тарихындағы ең айтулы оқиға.

«Біз әртүрлі спорттық шараларды өткіздік, бірақ мұндай ауқымды турнир бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл «Халық» Қайырымдылық қорының және қордың негізін қалаушы Тимур Құлыбаевтың үлкен қолдауының арқасында мүмкін болды. Бас демеушіміздің көмегімен жасалған іргетас жобамыздың одан әрі серпінді дамуына мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – дейді С.Мәмбетов.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Жоба қызметі барысында 180-нен астам командаға материалдық қолдау көрсетілді, екі ауылда алаңдар салынды, жаттықтырушылар үшін ондаған оқыту семинарлары, сондай-ақ 30-ға жуық турнирлер, соның ішінде республикалық турнирлер өткізілді.

2023 жылы #АуылФутбол жобасы мен «Халық» Қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Демеушілік аясында 100 ауылдық командаға көмек көрсетілді, жобаға қатысушылар саны үш есеге өсіп, 111 командаға жетті. 100 ауылдық жаттықтырушы УЕФА D санатындағы жаттықтырушылар бағдарламасы бойынша оқытылды. Сондай-ақ еліміздің 13 өңірінде облыстық турнирлер өтті.

2024 жылдың 16 наурызында #АуылФутбол жобасында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі — #АуылФутбол AWARDS-2023 үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл премия ауыл балалары футболын қолдауға, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ балалардың футбол ойнауға мотивациясын қалыптастыруға бағытталған.

 

 

 

Последние новости

01.11.2024
Takeda Казахстан и University Medical Center подписали меморандум о сотрудничестве для улучшения помощи пациентам с редкими заболеваниями
01.11.2024
Группа Lazarus использовала уязвимость нулевого дня в Chrome для кражи криптовалюты
01.11.2024
Yandex Qazaqstan запускает акцию «Щедрый ноябрь» для поддержки благотворительных организаций
01.11.2024
Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды
01.11.2024
Саран қаласы үш аптадай жылусыз отырды: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
01.11.2024
Lazarus тобы криптовалютаны ұрлау үшін Chrome да нөлдік күндік осалдықты пайдаланды
01.11.2024
Гороскоп на 1 ноября
31.10.2024
Осенний кинозал: Иви представляет премьеры казахстанского кино