112 пультіне хабарлама келгесін құтқарушылар оқиға орнына барған. Алдымен олар әйелмен сөйлесуге тырысқан. Алайда ол сөйлесуден мүлдем бас тартқасын өрт сөндірушілер кіреберіс арқылы пәтерге жүгірді.
«Осы уақытта сол күні демалыста болған жақын жерде тұратын бесінші өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Талипов Алпамыс әйелге көмек көрсетті. Ол автокөлік сатысымен көтеріліп, төртінші қабаттағы балкон қоршауында тұрып, әріптестері пәтер арқылы балконға кіріп, әйелді құтқарғанша оны төменнен ұстап тұрған», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазір зардап шеккендерге қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.