«Кейінгі жастардың ішінде шоқтығы биік, әуезі де әні де ерекше, талантымен талайды таң қалдырып жүрген Раймның Алматыдағы кеші өте жоғарғы деңгейде өтті. Алып мегаполистің төріндегі 15 мың адамдық «Алматы аренаның» атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарайсың «raimusican». Бұл сенің күнді күнге,түнді түнге жалғап еткен тынымсыз еңбегіңнің жемісі. Адамның аурасы жақсы болса, жұмыс та нәтижелі болмақ. Біздің дуэт елге ұнап жатса, бұл сенің кіршіксіз көңілің мен таза жаныңның жемісі. Осы жолдан айныма», — дейді Мейрамбек Бесбаев.
«Алматы аренада» өткен Raim-ның концертінде Ерке Есмахан да жұбайымен ән орындады.