Әйел басынан өткен жағдайды TikTok әлеуметтік желісінде айтқан.
Апитчая Нинг қолын жуу үшін сақинасын шешіп, оны байқаусызда қоқыс жәшігіне түсіріп алған. Нәтижесінде сақина көшедегі контейнерге түсіп, қоқыс полигонынан бір-ақ шыққан. Әйел оны қандай жағдайда да табуға тырысқан.
Нинг жергілікті шенеуніктермен байланысып, олармен бірге қоқыс полигонына барған. Онда әйел жұмысшыларды жалдап, шамамен 28 гектар полигонды ақтарып шыққан.
Оның сақинасы 400 мың бат (5 миллион 824 мың 240 теңге) тұрады. Сосын ол жұмысшылардың қызметіне 20 мың бат (291 мың 212 теңге) төледі.