«Бұрынғыдай жаман пікір, хейт жоқтың қасы»: Ерке Есмахан жұрттың көзқарасы өзгергенін айтты

2024-11-06 10:27:45

Ерке Есмахан қазір отбасын сынайтындардың қатары азайып, қайта оң қабақ танытқандардың артқанын айтты.

«Мен не байқадым? Кеше ерінбей барлық жерде жазылып жатқан концерт туралы пікірлерді бір шолып, оқып шығуға тырыстым. Концертті тек «жақсы өтті» деп қоймай, «жаңа уровень» деген сөзді халық көп жазыпты. Риза болдым жолдасым үшін. Еңбегі ақталды, мақсаты орындалды. Шүкір!

Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымызды, жанұямызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал әйелдің әдемілігі мен ақылдылығы ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты.

Бұрынғыдай жаман пікір, хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, батасын беріп жатқандар өте көп», — деп жазды Ерке Есмахан.

Ол өз сөзінде теріс пікір жазатындар әлі де бар екенін, алайда жанашырлары олардан 10 есе көп екенін қозғап өтті.

«Дегенмен, арасынан табылады: өз өмірлеріне өкпелі, ауыр-ауыр сөздер жазып отыратындар немесе жеңіл мазаққа жақын адамдар. 1 жаман комментке бізді жақтап 10 жауап қайтарып отыратын жанашырларымыз да көп екен. Өз көзіммен оқып, көріп кәәәдімгідей гүл-гүл жайнап отыр ішім.

Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын нәрсеге уақыт құртпаңыздар. Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай, өздеріңіздің бақыт, тыныштық, махаббаттарыңыз үшін күресіңіздер. Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар. Мен де бәріне бірден қол жеткізген жоқпын. Мен сіздерге живой примермін. Құшақтадым.

Ақ көңіл, пәк сезіммен Ерке Есмахан», — деп жазды Ерке.

Айта кетейік, Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Raim-ға тұрмысқа шыққаннан кейін көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын.