Жергілікті Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 12 шағын аудандағы автобус аялдамасында болған. Әлеуметтік желілерде жүгіріп келе жатқан адамдар аялдамада кенеттен ұстамасы ұстаған жас жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен бейне пайда болды.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының баспасөз қызметінде 10 қараша күні түстен кейін 16 жастағы оқушының эпилепсия ұстамасы болғанын растады. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.