Күні кеше қолға түскен Перизат Қайрат Динара Сәтжанды да алдаған ба

2024-11-15 14:27:31

«3 жыл бұрын Перизат Қайрат хабарласып, Астанада қайырымдылық кешін өткізіп беруімді сұрады. Сондай-ақ, менің дүкенімнен аукционға қоятын киім сұрап, құрбыларым  Баян мен Аиданы шақырып беріңізші деп өтінді. Кештің басты мақсаты — елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау болды. Әрине, біз келістік. Айтпақшы, кеште сол кездегі «Нұр Отан» партиясының шенеуніктері де болды. Сондықтан да халық «Біз біргеміз» қорының партияға қатысы бар деп қате топшылап отырған сияқты», — деді Сәтжан.

Динара Сәтжан қайырымдылық кешінен кейін Перизатты көрген сайын орталық қашан салынатынын сұрап отырдым дейді.

«Биыл Ораза кезінде досымыз ауызашарға шақырып, сол жерде тағы кездестік. Перизат Астанада  екі танымал гүл брендін сатып алғанын айтты. Мен ол бизнестердің негізін қалаған екі адамды да білемін. Өз бизнесін нөлден бастаған еңбекқор адамдар. Сол кезде мен «Перизат, сен мұнай ұңғымасын тауып алған жоқсың ба?» деп әзілдеген едім. Мен Қаржы мониторинг агенттігінің қандай мүмкіндіктерге ие екенін біліп отырмын. Олигархтардың заңсыз активтерін қайтарып жатқан олардан бірдеме жасыру мүмкін емес деп ойлаймын. Оның үстіне, мәселе 1,5 млрд теңге туралы болып отыр. Перизаттың қалай көмектескенін бәріміз көрдік. Су тасқыны кезінде атсалысып, Газа секторына қалай барғанын да көрдік. Мұның барлығы болған дүние. Адамдардың қиналып жатқанын көргенде, әрине, көмектескің келеді. Бұл жақсы қасиет. Менің ойымша, дәл қазір Перизаттың қорына ақша аударған адамдар қынжылып отыр. Осы жағдайдан кейін бәріміз қайырымдылық қорларының есебін ашық көргізім келеді. Сенімді қорлардың тізімі болса, жақсы болар еді», — деп жазды Сәтжан жеке парақшасына.

Еске салсақ, «Біз біргеміз» қорының жетекшісі Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен күні кеше ұсталған еді.

 

Последние новости

15.11.2024
Танысы жоқ талант: әскерде ән айтқан сарбаздың өнері көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
15.11.2024
«Ешқандай отырыс өткізбеген». Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясыннан қуылды
15.11.2024
«Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз»: Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтады
15.11.2024
Петропавл трагедиясы: Адам жерлейтін кәсіпкерлер бір отбасыны тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО)
15.11.2024
«Сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайды»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа бермек
15.11.2024
Республикалық ауыл әйелдерінің форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты
15.11.2024
Республиканский форум сельских женщин собрал 200 делегатов в Астане.
15.11.2024
Бокс аңызы рингке оралды: Тайсон қарсыласын шапалақпен тартып жіберді