Өнер иесі ешқашанда декреттік демалысқа шықпағанын мойындады.
“Бала туып үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашанда мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай болмаса жылап мазалаған емес. Екі қызымда да декреттік демалыста отырған емеспін. Қазір Тұрсен декреттік демалыста отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күн киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. «Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек» деген уайыммен жүреді», – деп ағынан жарылды продюсер.
Сондай-ақ, жолдасының бала күтушілерге қойылатын талабының қатал екенін де айтып берді.
“Тұрсен әлі маска тағып жүр. “Қыздар маскасыз жүрсең сені танымай қалады” деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. Түні бойы соларға қарап жатады. Жауапкершілігі мол адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді», – деді Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызына төрт бала күтушісін жалдағанын айтқан еді.