Әншінің анасы күйеуіне еркелеп, киген киіміне пікір айтуын сұрайды.
«Мынау кімнің қатыны-ей!? Танымасаң танып ал, бұл – Нұртастың қатыны», — дейді видеоның бер жағында Нұртас Айдарбеков.
Ал әншінің анасы осыған қатысты былай деп пікір қалдырды:
«Адам қанша қартайса да жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нұрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер жас емессіңдер, ұят емес па деп жатады, айтатындар айта берсін, сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық дегендер лапылдаған оттан жіберіңіздерші. Нұрекеңнен оқырмандарыма арнайы үш адамға 5К-дан сіздерге салдырып қояйын, жұғысты болсын деп», — деп жазады Гүлзира Айдарбекова.