Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

2024-11-18 12:27:30

Синоптиктердің мәліметінше, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен бірге жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстарын әкеледі, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтілуде.

21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін ауқымды антициклонның аймағында болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды», — делінген хабарламада.