21 қарашада ел аймақтарында телеарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

2024-11-18 14:27:53

«Қазтелерадио» АҚ-ның мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуы үшін тоқсан сайын эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

“2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”,- делінген хабарламада.