Ресей-Украина соғысына 1000 күн: екі жақтан қанша адам опат болды

2024-11-19 08:27:25

РЕСЕЙ

Ресми түрде екі жақ та өз жағынан адам шығынын атамайды. Ал сарапшылар тараптардың әрқайсысы жаудың шығындарын асыра бағалайтынына сенімді. Мұрагерлік істердің жария тізілімінің мәліметтеріне сәйкес, 5 шілдеде соғыста 120 мыңға жуық ресейлік қаза тапқан. Алайда, сарапшылар мұндай статистиканы толық деп санауға болмайтынын атап өтеді.

Би-би-си ашық деректер негізінде Медиазона басылымымен, еріктілер тобымен бірге Украинаға толыққанды басып кірген Ресейдің қаза тапқан 78 329 әскериінің есімін анықтаған. Қазір қайтыс болғандардың расталған санының өсім қарқыны соғыс уақытындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Қыркүйек, қазан және қараша айларының көрсеткіштері өткен жылдың көрсеткіштерінен бір жарым есе, ал 2022 жылғы деректер екі еседен асып кеткен. 2024 жылдың 15 қарашасындағы деректер осындай сандарды көрсетеді. 2024 жылы қырылған ресейліктердің орташа жасы 38-ге жеткен. Ең көп шығын – соғысқа ерікті түрде барғандарға тиесілі. Соғыс басталғаннан кейін келісімшартқа қол қойғандарды зерттеушілер осылай атайды. Олардың жалпы массивтегі үлесі көп – 16 551 еріктінің көз жұмғаны расталған. Ресей тарапының расталған шығындарының жалпы санының – 23%. 2024 жылы қайтыс болғандардың орташа жасы – 38 жас.

Десе де бұл көрсеткіш – тек ерікті зерттеушілердің анықтағаны ғана.

Ресей қорғаныс министрлігі 2022 жылдың қыркүйегінде өзінің шығыны туралы деректерді бір рет қана жариялап (5 937 адам), содан кейін мұндай ақпаратты таратпайтын болды. Тек «шығын минималды әрі Украинадан әлдеқайда төмен» деп қана бірнеше рет мәлімдеді.

2024 жылдың 17 қыркүйегінде The Wall Street Journal батыс елдерінің барлау қызметтері мен украин дереккөздерінің мәліметтеріне сүйеніп, Ресей мен Украина соғысы кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы саны миллионға жеткенін хабарлады.

УКРАИНА

Екі елде де осындай үлкен шығындар тек қазір ғана емес, болашақта да үлкен проблемаларға айналады деп есептейді WSJ. Сонымен қатар, халқы бірнеше есе аз Украина үшін мұндай шығындар Ресейге қарағанда әлдеқайда көп зиян келтіреді, дейді журналистер. Басылым Украина жақтан 80 мың адам қаза тауып, 400 мың адам жараланды деп, Ресей тарапынан 200 мыңға дейін (бағалау әр түрлі). адам өліп, жараланғандардың саны 400 мыңға жуық деп есептейді.

2024 жылдың 26 ақпанында (соғысқа екі жыл болғанда) Украина президенті Владимир Зеленский Қарулы күштері қатарындағы 31 мың адам қаза тапқанын мәлімдеді. Содан бері ресми ақпарат таратқан жоқ.

2024 жылдың 23 сәуірінде Ресейдің сол кездегі қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинаның жарты миллионға жуық әскерден айырылғанын хабарлаған. Бұл да әсіре бағалау, себебі қазірдің өзінде Украина Қарулы күштерінде әскердің жалпы саны шамамен 500 мың адамды құрайды.

БҰҰ бақылау миссиясы 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2024 жылдың мауысымына дейін Украинада кемі 11 мың бейбіт тұрғын қаза тауып, 21 мыңы жараланғанын хабарлаған. Алайда Украина билігі бейбіт тұрғындар ішінде құрбан болғандар мен жараланғандар одан да көп деп есептейді.

СОҒЫС

Ресей әскері 2024 жылдың 24 ақпанында Украина аумағына басып кірген болатын. Соғыс әлі жалғасып жатыр.

БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық гуманитарлық ұйымдарының хабарлауынша, Ресей әскерлері Украинаның тұрғын аудандарына, ауруханаларына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына зымырандармен соққылар жасаған. Соғыс ірі көші-қон дағдарысын туғызды. БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадан 7,86 миллион босқын ретінде кеткен (2022 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша), ал тағы 8 миллионға жуық адам ішкі қоныс аударған. Бірқатар журналистер шапқыншылықты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропадағы ең үлкен әскери қақтығыс деп атайды. Ресейдің әрекеттеріе әлемнің көптеген мемлекеттері мен ықпалды халықаралық ұйымдарды қатты айыптады.

Соғыс Ресейде және әлемде соғысқа қарсы наразылықтарға, ресейлік БАҚ-та цензураға АҚШ, Еуропалық одақ және басқа елдердің Ресейге қарсы жаңа санкцияларына, соның ішінде елді әлемдік экономикадан ішінара оқшаулауға, Ресейдің бірқатар спорттық және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын шектеуге әкелді, сондай-ақ Ресей үшін ауыр экономикалық салдары болды. Украинада соғыс экономиканың құлдырауына, әуе және теңіз көлігінің жұмысын тоқтатуға және басқа да бірқатар жағымсыз салдарға апарып соқты. Украинаның қоршаған ортасына және Украинаның мәдени мұрасына үлкен зиян келтірілді. Әлемдік ауқымда шапқыншылық және онымен байланысты Санкциялар халықаралық сауданың төмендеуіне және азық-түлік пен энергия бағасының күрт өсуіне әкелді.