Блогердің сөзінше, жанжалға себепкер болған ұлының басқа елдерге саяхаттау үшін әкесінің рұқсат қағазы керек көрінеді.
“Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым. Бір жапырақ әке сымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті, Қазақстанға бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудін жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін”, – деп жазды блогер.
Еске салайық, үш баланы бауырына басып, АҚШ-қа қоныс аударған блогер “Құжа бойынша үш баланы туған – мен” деп халыққа үндеу жасаған еді.
Бұған дейін, блогердің шетелдік күйеуі төрт баласын түсінде көргенін жазған едік.