«Бұл мәселе (баспана беру мәселесі — ред.) көтерілген жоқ. Менің білгенім, бұл отбасы қазір үй кезегінде тұр. Кезек бойынша келесі жылы кезектері келіп қалар. Олар көп балалы отбасы санатымен кезекке тұрған. Сол кезекте қалады. Заң бойынша, балалары өлсе де кезегі қала береді», — деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, бұл отбасымен бірге сол өртенген үйді жалдап тұрған екінші отбасыға уақытша тұратын жатақхана берілген.
«Бұл отбасымен ары қарай қосымша жұмыс істейміз. Екі отбасы бірге бір коттеджді жалдап тұрған», — деді Жеңіс Қасымбек.