Бишімбаевтың сыңары: Ақтауда бойжеткенді аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

2024-11-21 12:27:36

 

 

Қыз баланың айтуынша, бұрын қарым-қатынаста болған ер адам оны үнемі соққыға жығып, мазақ еткен. Мейрамханадағы жағдайдан кейін видеоны жариялау туралы шешімге келген.

Осыдан кейін полиция «ұрып-соғу» бабы бойынша іс қозғады. Енді құқық қорғау органдары күдіктінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлайды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері тонау мен ұрып-соғу бойынша күдікті ер адамды анықтап ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», — деп жауап берді Маңғыстау облысы ПД.

Іс бойынша тергеу жалғасуда. Құқық қорғау органдары ер адамды қамауға алу туралы бейнені көрсетті.

Айта кетейік, оқиға Ақтау қаласындағы кафелердің бірінде болғаны осыған дейін хабарланған болатын.

 

Последние новости

21.11.2024
Сенат үш жылдық бюджетті мәжіліске қайтарып берді
21.11.2024
Голливуд фильмдерінің қазақша дубляжына бөлінген 443 млн игерілмей бюджетке қайтарылды
21.11.2024
Қазақстанда ит қапқан 6 адам құтырма ауруынан көз жұмды, олардың үшеуі — бала
21.11.2024
«Қатты ауырып жатырмын»: Жанқош Тұраровтың тергеуге неге келмей жүргені белгілі болды
21.11.2024
Ученые выяснили, что отказ от табака даже в 75 лет продлевает жизнь
21.11.2024
2025 жылы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қанша триллион жұмсалады
21.11.2024
1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге
21.11.2024
«Wi-fi бар жерде соған қосылыңыздар»: министр телефондағы тарифті үнемдеудің жолын үйретті (ВИДЕО)