«Шымкентте қалыңмал – 3 млн теңге»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы мәһір туралы айтты

2024-11-21 12:27:36

Тележүргізуші Instagram парақшасындағы видеода анасының ҚМДБ-ның қалыңмал мен мәһірді біріктіру шешіміне қатысты ойын сұрайды.

«Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһір бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді (қалыңмалдың құны), екі миллионға көшті. Оған мәһір қосылып еді.

Бәрін бірге қосқаны дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһір де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһірді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», — дейді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.

Ол сөзін жалғай отырып, Шымкентте қалыңмал мөлшері туралы ойын айтты.

«Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһір жоқ. Мәһірі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар.

Айта кетейік, жуырда ҚМДБ ресми түрде қалыңмал мен мәһірдің біріктірілгенін хабарлаған болатын.

 

Последние новости

21.11.2024
Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қызға қатысты 9 істің бесеуі аяқталды – министр
21.11.2024
Тарифтердің бағасын қымбаттату керек  – Мәулен Әшімбаев
21.11.2024
Тараздағы имам резонанстан кейін қариялардың 3000 долларын бір күнде тауып берген
21.11.2024
Бишімбаевтың сыңары: Ақтауда бойжеткенді аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
21.11.2024
Сенат үш жылдық бюджетті мәжіліске қайтарып берді
21.11.2024
Голливуд фильмдерінің қазақша дубляжына бөлінген 443 млн игерілмей бюджетке қайтарылды
21.11.2024
Қазақстанда ит қапқан 6 адам құтырма ауруынан көз жұмды, олардың үшеуі — бала
21.11.2024
«Қатты ауырып жатырмын»: Жанқош Тұраровтың тергеуге неге келмей жүргені белгілі болды