Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, жанып жатқан автокөліктің жанында орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің өту қаупі барын анықтады.

«Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 жылы туған ана мен оның 2025 жылы туған сәбиі түтін аумағынан эвакуацияланды», — деп жазылған хабарламада.

Оларға ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Уақытша тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік-терезелері балқыған. Зардап шеккендер жоқ.