Қойгелдиев Нұржан Нұрланов пен Ерлан Нығматулинге қатысты қандай арыз түскенін нақтыламады.

«Ұлы Нұрланов пен Ерлан Нығматуллинге қатысты арыз түсті. Қазір ол қаралып жатыр. Бір нәрсе айту әлі ерте. Ал Арғын Нығматуллинге қатысты Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген факті бойынша істі қарап жатыр. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Оның қайда жүргенін анықтағаннан кейін елге экстрадициялау туралы шешім қабылданады», — деді бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында Антикор мен Бас прокуратура Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған еді.