Қаскелең қаласының кей көшелерінде үш күн газ болмайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл туралы «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ мәлімдеді. Хабарламаға сәкес, аудан орталығының кейбір көшелерінде 14 -16 маусым аралығында табиғи газ беру тоқтатылады. Себебі, жер астындағы газ құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл қолайсыздықты Тәуелсіздікке 10 жыл көшесінен Әлімқұлов көшесіне дейінгі, Қарасай батырдан Байжарасов көшесіне дейінгі аралықты мекендейтін тұрғындар сезінетін болады.