Қаскелеңде әйнек жууға арналған антифриз шығарылады

2022-05-18 18:00:41

Қаскелеңде антифриз шығарылады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Антифриз- әйнек жууға арналған сұйықтық. Көлік жүргізушілеріне етене таныс термин. Автокөлік терезелерін тазалауға арналған арнайы спирт қоспасы ауа температурасының төмен болғанына қарамастан мұнтаздай тазалықтың кепілі болып табылады. Көлік иелеріне ауадай қажет сұйықтық Алматы облысы, Қаскелең қаласында  өндіріледі.  «RITS GROUP» ЖШС 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 

 

         

Серіктестік иесі- Юлия Витальевна. Ол өз сөзінде, кәсіпорынды ашар алдында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тан қажетті жабдықты сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 14,75% бен несие алғанын тілге тиек етті. 

            

Айта кету керек, Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша субсидияланды, қазір кәсіпорын үшін несие мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. «Даму» қоры да кепілдік беріп, жобаға қолдау көрсеткен.

 

            

Аталған  өндірістік орындарында өндірілетін «Снежинка» техникалық этил спирті, минералсыздандырылған су, ионды емес және амфотерлі беттік белсенді заттар мен қоспалар негізінде дайындалады. Дайын өнімнің рецепті заттаңбада көрсетілген құрамға толығымен сәйкес келеді.

            

Жалпы өндірістік база заманауи ангарда орналасқан, үлкен қоймасы бар. Әйнекті жууға арналған сұйықтықты өндіру және оны сақтау үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. 

 

 

Последние новости

18.05.2022
Уәде етілген өнер мектебі қайда?
18.05.2022
Өткен жылдың соңында сатып алынған автобустар не себептен әлі күнге дейін қолданысқа берілмей келеді?
13.10.2020
Алматы облысы Қарасай ауданында кәріздің суын арыққа төккендер видеоға түсіп қалды
12.10.2020
Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады
12.10.2020
Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу
01.10.2020
Люди часто теряют такие документы, как свидетельство о заключении брака или его расторжении, свидетельство о рождении или об изменении ФИО и не знают процедуру их восстановления
22.09.2020
Как проходит государственная регистрация прав на недвижимое имущество?
15.09.2020
ДТП на блокпосту: Азат Азаматов признал вину