Таяуда, Қаскелең қаласындағы Байжанов орта мектебінде 14-16 жас аралығындағы қыз балалармен "Репродуктивті денсаулықты қорғау" тақырыбында денсаулық сабағы өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Сабақ барысында жеткіншек қыздарға екіншілік жыныстық жетілу укезіндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер,қыз баланың жеке бас гигиенасы, мінез-құлықтың қауіп қатер факторларының алдын алу,ерте жүктіліктің алдын алу және оның зияны мен салдары туралы айтылды.Тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетіліп,ақпаратық түсіндіру құралдары тарқатылды.
Қарасай аудандық орталық аурухана дәрігері Дана Таждинова орталық аурухана жанында "Жастардың денсаулық орталығы" бар екенін еске салып, бойжеткендер мен бозбалалар денсаулықтарына қатысты кез-келген сұраққа байланысты осы жерге келе алатындығын айтты. Сонымен қатар, педагог-психолог пен гинеколог мамандар да өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен еркін әңгіме өрбітті.
Жасөспірімдермен еркін әңгіме өрбітті / 5?
2019-09-17 12:10:04
Последние новости
11.09.2019
"Асыл армандағы" айқайға не себеп? / 110?
03.09.2019
Дорога в школу должна быть безопастной / 11?