Жаңа жыл қарсаңында Қарасай аудандық орталық ауруханасы Перзентхана бөлімінде 6 бірдей егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Kaskelenkz.
Егіздер перзентханадан бір күнде шыққан. Ал олардың ата-аналырының қуанышында шек жоқ.
Перзентхана бөлімі нәререстелер реанимациясының меңгерушісі Маржан Айтқазықызының айтуынша, егіздердің төртеуі мерзімінен ерте туылған. Дәрігерлердің тиісті түрде ем жасап, күтім көрсетуінің арқасында қазіргі кезде сәбилердің денсаулығы жақсы. Олар жаңа жылды өз шаңырақтарында қарсы алады.
Биылғы жылы аталған перзентханада барлығы 51 егіз дүниеге келген.