Жаңашамалғандықтар ойын автоматтарынан құтыла алмай жүр

2020-02-21 14:00:33

Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы (Жаңашамалған) округінің тұрғындары ойын автоматтарына миллиондап қаржы ұтылғандықтарын айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

  Олар бұл құрылғылардың көзін жоюды талап етуде. Тіпті, құмар ойын кесірінен баламнан айырылдым деген ата-аналар да бар. Ең сорақысы, ондай автоматтар мектептің қасында, халық ең көп шоғырланған сауда орындарында самсап тұр. Ал зиянды автоматтарға шамасы жетпей жатқан әкімдік заң орындарына хат жолдапты.
 Ауылдағы дүкендерде бұның 40-50 данасы тұр екен.  Соның салдарынан талай отбасының шаңырағы шайқалған. Айтуларынша, өздері де құмар ойынға әбден беріліп, енді ғана ес жиып қарсылық танытуда.
ОҢҒАРБАЙ ЕРІМБЕТОВ, Тұрар ауылының тұрғыны:
– Талай ата-ана зар жылап отыр балалары осыған кіріп кетіп. Оның бірі - менмін, міне. Баламды мен ұстай алмай қалдым. Өзінен өзі ақшасының бәрін осындайға жоқ қылып, ең ақыры өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болып кетті.
АЗАМАТ АЛПЫСБАЕВ, Жібек жолы ауылының тұрғыны:
– Аптасына 20 мың, 30 мың тапсам, аптасына осыған кетіп тұрады барлығы. Оны бәрі біледі. Бала-шағамнан да анда-санда айырылып қаламын, қайтып қосыламын. Сөйтіп жүрмін.
САЛАМАТ ҚАДЫРОВ, ауыл тұрғыны:
– Қаншама ұрлық-пұрлық, төбелес шығады. Керек емес бұл, алып тастасын. Мен ойнағалы үш миллиондай ақша салып тастадым бұған.
Үш миллион теңге Саламаттың алты айда салған қаржысы. Ал тағы бір азаматтың ағасы 5 миллион теңге құйыпты. Ауыл халқынан шағым жиі түседі деген әкімдік автоматтардың не иесін таба алмай, не жұмысын тоқтата алмай отыр екен.
АЛМАТ ҚАЛАБАЕВ, Жібек жолы округі әкімінің орынбасары:
– Экономикалық тергеу департаментіне хат жолдадым. Маған жауап та келді, міне, официальный хатым бар, исходящий номерімен. Бұл автоматтардың барлығы - лоторея деп, бұның барлығын заңды сәйкес, тексердік деп.
Құрылғылардың иесінен дүкен иелері ай сайын ақы алады дейді наразы топ. 

@zharasniyazbek