Базардағы баға қайда "ұшып" барады?

2020-03-20 16:00:31

Қарасайлықтар базарларда азық-түлік бағасы шамадан тыс қымбаттағанына шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бүгінгі таңда көтерме сауда орындарындағы адамдардың қарасы қалың. Дегенмен, көпшілік ең қажетті деген тауар түрлерінің, май, макарон өнімдерінің, картоп, сәбіз сияқты көкөніс өнімдерінің бағасы қымбаттағанына наразы. Ал, ұн мен қант тіптен қат бола бастаған. 

Базар басшыларының айтуынша, қаскелеңдік саудагерлер "Алтын орда" бағасына 20 пайыз ғана қосып сатады. Ал, тауардың қатты қымбаттмауын әкімдік қатаң бақылауға алған. 

Жалпы, Қаскелең базарындағы ахуалды видеодан толық көре аласыздар.