Ашпыз деп әкімдікке жиналған қаскелеңдік аналарға әкім жауап бермеді

2020-03-31 16:00:32

Қаскелеңдік аналар төтенше жағдай кезінде жұмыссыз әрі аш қалдық деп шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Олардың көпшілігі "Алтын орда" базарында нәпақыларын тауып жүрген. Қазір жұмыссыз қалғандықтан, жалдап тұрып жатқан пәтер ақыларын да төлей алмай, далада қалуға мәжбүр.