Бекет қоршауын қағып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.
"Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен анықталғандай, азамат А. 2020 жылдың 2 сәуірінде «Toyota Ipsum» маркалы автокөлікті алколгольдік масаң күйде Жаңағасыр көшесімен солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан төтенше жағдайға байланысты қойылған №4 карантин бекет қоршауын қаққан, сонымен қатар екі автокөлікке қақтығысқан.
Көлік жүргізушісі А. сотта өз кінәсін толықтай мойындады.
2020 жылдың 3 сәуіріндегі Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Кодексінің 608 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған әкімшілік жазасы баламасыз болып табылады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", делінген облыстық соттың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бекет қоршауын қағып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2020-04-03 16:00:34
Последние новости
03.04.2020
Жамбыл ауылында дезинфекция жүргізілді
02.04.2020
Пьяный водитель наехал на блокпост
02.04.2020
Kaskelenkz стартовал акцию "Дари добро!"