Бүгінгі күні «TELEGRAM-БОТ» ешқандай кедергісіз жұмыс істеп тұр.
Бұл қосымшамен қалай өтініш беру керек десеңіз. Ретімен өтінім берудің қадамдарын тағы да назарларыңызға ұсынамыз.
Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;
2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;
3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.
4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);
5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.
Айта кетейік, төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Егер сіз, әлеуметтік төлемді алатын санатқа жатсаңыз онда бағыңызды сынап көріңіз
42500 алуға арналған «TELEGRAM-БОТ» кедергісіз жұмыс істеп тұр
2020-04-11 10:00:34