Қарасай ауданының бас дәрігері тағайындалды

2020-04-17 14:00:31

Қарасай аудандық орталық ауруханасына жаңа бас дәрігер келді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ысқақтың 13.04.2020 жылғы №105-ж бұйрығымен, Малгаждаров Маулен Сансызбаевич шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына 2020 жылғы 13 сәуірден бастап тағайындалды.

Малгаждаров Маулен Сансызбайұлы 1966 жылы, 16 наурызда ШҚО, Жарма ауданы, Воронцовка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Үйленген.

1989 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген. Денсаулық саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, хирургия саласы бойынша және денсаулық сақтау ұйымында жоғары санатты және сарапшы болып табылады.

Ол осыған дейін әр жалдары, Семей қаласы облыстық онкологиялық диспансердің онкохирург дәрігері, Алматы қаласы ҚР Шекара қызметінің орталық республикалық әскери госпиталінде аға ординатор, Алматы қаласы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальде хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы, МКҚК емдеу-диагностика оратылығының емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары, Алматы қаласы «ХАК» МО ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, 2010-2014 жж.  Қарасай аудандық орталық ауруханасында емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары да болған.
Бұдан бөлек, Маулен Малгаждаров 2010 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Қазақсан-Ресей медициналық университетінің хирургия кафедрасында еңбек етеді.