Қарасай ауданының тумасы, меценат Болат Назарбаев Мақтааралда су астында қалып, зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр.
Ол өзінің "Салиқалы ұрпақ " қоры атынан су басқан ауылды қайта қалыпқа келтіру жұмыстары үшін 200 млн теңге аударды.
Сондай-ақ,барынан айырылған халықты азық-түлікпен қамтамасыз етті. Осылайшы 20 тонналық гуманитарлық көмек Атакенттің арнайы қоймасына жеткізіліп,үй-күйсіз,тамақ-киімсіз отырған жұртшылыққа таратылып жатыр.
Болат Әбішұлы 20 отбасына Шымкент қаласынан үй салып беретінін де айтты.
Айта кетейік, " Салиқалы Ұрпақ " қоғамдық қоры 2016 жылдан бері тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу мақсатында өз жұмысын жалғастырып келеді.
(Ақпарат журналист Гүлмира Нәлібайдың Фейсбук парақшасынан алынды)