Қарасайлық полицейлер бір тәулік ішінде екі үйді жалпы соммасы 5 миллион теңгеге тонаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарасай аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бір тәулік ішінде жеке үйлерде орын алған екі ұрлық дерегін ашты. Райымбек ауылдық округіндегі бау-бақша серіктестіктіктерінің бірінде орналасқан жеке меншік үйлердің екі иесі жеке мүліктерінің ұрланғаны жөнінде полицияға жүгінген. Екі деректе ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелді.
« Айғақтар Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынына алып келді. Азаматты ұстау кезінде одан ұрланған заттың көп бөлігі тәркіленді. Жеңіл олжаны іздеуші оның біраз бөлігін сатып та үлгерген. Ағымдағы жылдың 20-мамыр күні күдікті өзінің достарынан "Тойота Ланд Крузер Прадо" маркалы автокөлігін алып, саяжайға келгендегі анықталды. Металл сынықтарын іздеу барысында көршісіне кірген ол, үй иесінің жоқ екенін байқап, ұрлық жасауға шешім қабылдаған. Оның іс-әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына көзі жеткен күдікті, терезе торын бұзу арқылы үйге кіріп, электр тауарларын қолды қылған. Кейін ол бау-бақша серіктестігіне келіп, осыған ұқсас схемамен тағы бір үйді тонап, ұсталды»,- деп хабарлайды Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Полиция ұрланған мүліктің жетіспейтін бөлігін іздеуді жалғастыруда. Сонымен қатар, полицейлер сақтық шараларын естен шығармау керектігін еске салады.
Қарсайлық полицейлер саяжайдағы үйлерді тонаған ұрыны ұстады
2020-05-25 16:00:30
Последние новости
21.05.2020
Апорт Молл 25-де ашылады