Қаскелеңде көлік кептелісі жиі орын алатын көшелердің қиылысында жаңа жол белгілері орнатылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Енді темір тұлпар тізгіндегендер мұқият болғаны жөн. Өткені Қаскелең қаласының Абай және Төле би көшелерінің қиылысында солға қарай, яғни "Алатау" сауда үйіне қарай бұрылуға болмайды деген жол белгісі қойылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен Қарасай аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі бірлесе отырып, аталған аумақта көлік кептелісін азайту мақсатында осындай шешімге келген екен.