Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет төлемдерін өтеу ережесі бойынша өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 25 маусымында аяқталады. Бұл туралы Қарасай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіткен болатын.
Оның негізгі мақсаты - карантин кезінде мемлекеттің қолдауы қажет адамдарға көмек көрсету.
Әкімдіктер және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсыныстарының негізінде мынадай санаттағы адамдардың коммуналдық қызметтеріне төлем жүргізіледі:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау жергілікті әкімдіктер арқылы жүзеге асырылған болатын.
Нұргүл ӘЛМЕНБЕТОВА