Талдықорған қаласында отбасылық мереке өткізгендер жазаланды

2020-07-20 14:02:36

Алматы облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы А.Чарапиевтың 2020 жылғы 18.07. №21 Қаулысының 3.15 тармағына сәйкес, үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық және естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынатындығы айтылды. 

Осыған байланысты демалыс күндері бақылау тобының рейдтер өткізді. Тексеру барысында жоғарыда аталған қаулыны бұзудың 2 фактісі Талдықорған қаласында тіркелді. Нақтырақ айтар болсақ, отбасылық мерекелер өткізілгені анықталды.

Рейдтер нәтижесінде кінәлілер ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

@gor_ses_tdk