Бүгін Қаскелеңнің кей көшелерінде су болмауы мүмкін. Бұл туралы шаһарды сумен қамтамасыз ететін мекеме - "Ж-Каскелен" ЖШС инстаграм парақшасында жарияланды.
Хабарландыруда былай делінген:
Қаскелең қаласы тұрғындарының назарына!
(төменде аталған ықшамаудандарға қатысты)
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қарасай аудандық электр желісінің телефонаграммасына сәйкес, ертең, 2020 жылдың 19 тамызында сағат 8.00-18.00 аралығында электр жарығының сөндірілуіне байланысты келесі көшелерде су тапшылығы сезілуі мүмкін екенін хабарлаймыз:
Жанғозин
Бәрібаев
Тұяқбаев
Көбелеков
Тәуелсіздіктің 10 жылдығы
Бейсебаев
(Жанғозин көшесінен Абылайханға дейін)
Наурызбай
Сарқырама
Арасан
Қайназар Батыр
Электр энергиясы өшірілетін уақытта тиісті ауыз су қорын жинап алуларыңызды сұраймыз.