Оның айтуынша, Түркістан облысы басқа өңірлер сияқты оқу-ағарту министрлігіне «мектептерде бір де бір дала дәретханасы қалмады» деп есеп береді.
«Алайда шынайы картина әрбір дерлік мектеп пен интернатта балалар тек сырттағы әжетханаға баратынын көрсетіп отыр. Ал олардың жай-күйі адам шошырлық. Мектеп ішіндегі дәретхананың кілті директорда, балалардың айтуынша, оны тек директордың рұқсатымен ғана пайдалануға болады. Әрине, бұл проблема сумен, кәрізбен байланысты екені түсінікті, бірақ жағдайды жасырмай, сол қалпы ашық көрсетіп, проблеманың неге шешілмей жатқанын ашық айту керек», — дейді Зәкиева.
Түркістан облысына барған жұмыс тобы басқа өңірлердің дәретхана проблемасын шешу бойынша тәжірибесін көрсеткен.
Бұған қоса, Зәкиева жұмыс тобы асханаларға бөлек мониторинг жүргізгенін, бірқатар заң бұзу факитілері анықталғанын да жазды.
Естеріңізге салайық, тамыз айында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде даладағы дәретханалар саны азайғанын, республика бойынша небәрі 10 әжетхана қалғанын мәлімдеген еді.