Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Әкімдік мәлімдеме жасады

2024-09-30 14:27:41

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

Бейнероликте, болжам бойынша, “Google Maps” онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Хабарламада ондағы нысандардың Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайтыны айтылады.

“Бейнежазбада көрсетілген нысан 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды. 2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасын жүзеге асыру тоқтатылды” делінген ресми хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілген.

Ел үкіметі жалпыұлттық референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса, оның құрылысын Алматы облысы Үлкен ауылында жүргізуді жоспарлап отыр. Референдум 6 қазанға жоспарланған.

 

 

Последние новости

30.09.2024
Енді Қазақстанда қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады
30.09.2024
Ленгерде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр — Зәкиева
30.09.2024
Түркістанда оқушылар әлі даладағы дәретханаға барады, іштегі әжетхананың кілті директорда — Зәкиева
30.09.2024
Бір бала суицид жасап, зорлық көрген 15 жастағы қыз бала көтерген — Сарыағаш мектебіндегі сұмдық фактілер
30.09.2024
Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр — Динара Зәкиева
30.09.2024
Айгүл Иманбаева сәбилі болуға дайындалып жүр ме (ВИДЕО)
30.09.2024
«Зорлық көрсеткен»: кезінде Алматыдағы жетімдер үйіне келген рэпер P. Diddy-дің үстінен 50 бала арызданбақ
30.09.2024
VK Cloud елордада митап өткізіп, Astana Hub резидентіне 10 млн теңге бөлді