ЕКЕУІ ДЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ
Менің жиенімді аяусыз ұрған. Біз оларды түнгі сағат 00:30-да тауып алдық. Қылмыскерлерді іздеуге көмек керек. Осы уақытта аталған шағын ауданда күдікті адамдарды көрген болсаңыз, хабарын берсеңіздер. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, — дейді зардап шеккенің апасы.
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПІКІРІ
Павлодар облысының Білім басқармасының ақпараты бойынша, екеуі де Екібастұз колледжінде оқиды.
2024 жылдың 29 қыркүйегінде кәмелетке толмаған екі бала әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап, тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр, — деп түсіндірді ведомствода.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Тергеу туралы ақпаратты полиция растаған.
Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктілерді ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр, — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 13 қыркүйекте Астана қаласындағы № 25 автобуста бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеген.