«Шетелдіктердің мақтағаны жақсы, бірақ тазалық өзімізге керек»: Тоқаев тазалық мәдениеті жайлы айтты

2024-10-03 12:27:41

«Осындай маңызды құндылықтың бірі – туған елге жанашырлық. Өздеріңізге мәлім, мен экология мәселесіне айрықша мән беремін. Қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет. Осыған орай, биыл елімізде «Таза Қазақстан» жобасы қолға алынды. Бұл – өте маңызды бастама. Аймақтарда ауқымды экологиялық шаралар атқарылып жатыр. Жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде айқын көріне бастады. Шетелден келген қонақтар елді мекендеріміздің ерекше тазалығына назар аударуда. Тіпті, мұны басқа жұртқа үлгі етіп, әлеуметтік желіге жариялап жүрген туристер бар. Әрине, шетелдіктердің мақтағаны жақсы. Бірақ тазалық өзгелерден бұрын өзімізге керек. Бұл – Жарлықпен жасалатын, Өкіммен орындалатын шаруа емес», — дейді мемлекет басшысы.

Ол атағандай, тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет.

«Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс. Сіздер әр қиырдағы ауыл-аудандардан келіп отырсыздар. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызды «Таза Қазақстанды» тұтас ел болып қолдауға шақырамын. Бұл іс-шарадан бір де бір елді мекен шет қалмауы керек. Әрбір ауыл, әрбір қала тазалықтың үлгісі болуы қажет. Жалпы, біздің елімізде Заң және Тәртіп үстемдік құруға тиіс. Сонда ғана реформаларды табысты жүзеге асыруға және ел экономикасына инвестиция тартуға болады. Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанның мызғымас тұғыры. Кез келген қоғам әділдік болғанын қалайды. Қазақстан халқының да талабы – осы. Сондықтан мен әділдік қағидатын орнықтыруға бар күш-жігерімді саламын», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін, 3 қазан күні Астанада «AMANAT» партиясының бастамасымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өтіп жатыр.

 

Последние новости

03.10.2024
Бірінші, екінші, үшінші: Тоқаев мәслихат депутаттарының негізгі міндеттерін атады
03.10.2024
Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге секірген бойжеткенді ажалдан арашалап алды (ВИДЕО)
03.10.2024
Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек – Тоқаев
03.10.2024
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды – Тоқаев
03.10.2024
Тоқаев бірнеше күннен кейін өтетін референдум туралы маңызды мәлімдеме жасады
03.10.2024
Саяси партиялар дауыс үшін күрессе де, су тасқыны кезінде ынтымақтың үлгісін көрсетті – Президент
03.10.2024
Ресей астық экспортын тоқтатпақ: Қазақстан дәлел келтіруді сұрады
03.10.2024
Тоқаев биліктегі әйелдер жайлы айтты