Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, еурооблигация Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына шықты.
«Қазақстан бұл мәмілеге дейін инвестициялық рейтингісі мықты мемлекеттер үшін ғана көрінетін бір күндік виртуалды роуд-шоу өткізген еді. Бұдан өзге, Moody’s агенттігінің Қазақстанның егеменді рейтингін Baa1 деңгейіне дейін өсіргені де осы еурооблигация үшін жақсы негіз болды», -деп хабарлайды Қаржы министрлігі.